Түрмеден Тоқаевқа арналған бейне үндеулер жарияланған. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.

Түрмелердің есігіне қарасаң темір сымдардан тіпті шыбын ұшып өте алмайды деп ойлайсын. Күзет деген енді сұмдық. Алайда сол темір торлардың ішінде түсірілеген  бейне үндеулер әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, талқыланып жатқанын қарасаң, темір торлар жәйғана көлеңкеме деп ойланып қаласын.

Республикада кеңінен талқыланған, кәмелет жасқа толмаған, Талғардағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты күдіктілер, уақытша ұстау изоляторында туған күн тойлап, тағдыры соттың үкімін күтіп, енді өмірі не болар екен деп ойланып отырғанға ұқсамайды. Олар  тәтті тамақпен бөлісіп, торт кесіп,  оны қуанышпен бейнежазбаға түсіріп көңіл көтеріп жатқан бейнежазбасы таралып, салдарынан аталған мекемеде 20 ға жуық қызметкер жұмысынан қуылды. Басқаларын айтар болсақ темірторда емес, түрмедегі сотталғандар журналистердің алдында сұхбат беріп еркіндікте  жүргендей жетерлік ақпараттар бар.

 

Бір қызығы. бұл шынында да темір тор ішіндегі Таразда орналасқан 58 мекеме ме әлде Қазақстаннның бір өңірінде тиктокерлер прикол түсіргенбе әзірге белгісіз. Себебі  қамауда сотталғандардың шашын алып тастаушы еді. Тағы бір себебі, темір тор артында ешқандай бейнекамераларға рұқсат етілмейді ғой егер ,аталған 58 мекеменің қарауылы қайтыс болып кеткен болмаса….

Ал 2025 жылы наурыз айында, әлеуметтік желілерде Тараз қаласындағы №58 мекемедегі жағдайларға қатысты бір емес, бірқаншама бейне үндеулермен қан саусақпен мөрленген бірқаншама  арыздар жарияланды. Аталған бейнежазбаға қарасаң, сотталғандар кино түсіріп жатырма деп ойлайсын. Шаштары ұйпа- тұйпа, қолы мен іші кесілген тыртық іздері бар жігіттің ұялмастан;

«Валиев Рутем  Аманжанович, 23.05.1994,  статья 99 часть 2 срок 15 жыл. Кәзіргі сәтте Жамбыл облысы Тараза қаласының 58 мекемеде жазамды өтеп жатырмын. Құрметті Президентіміз Тоқаев мырза сізден өтініп сұраймыз  маған көмек беруін сұраймын. Осы учрежденинің бастығы, қызметкерлері, оперлер, режимніктер, РОР бәріменің осы қолыма себепкер, ішіме, осы менің өліміме , қолым істемейді. Менің өліміме осылар кінәлі. Осылар осы неге мені мәжбүрленген. Құрметті Президентіміз Тоқаев мырза сіз не болмайды деп айтып едіңізғой пытка болмайды деп. Пытка болып жатыр бұл жерде. Біздің азанымен келіп бізді ұйықтатпайды. Мазамызды алады. Қорқам мен, өмірімнен қорқам. Құрметті Президент бізге көмектесуіңізді сұраймын.»- деп Президентке үндеу жолдапты.

Жазаны өтеу режимін бірнеше рет бұзуына байланысты бұл сотталған ұстаудың қатаң шартына орналастырылды. Сотталған теріс жағынан сипатталады. Мекемеге облыс прокуратурасының жауапты қызметкері барды. Аталған сотталғанды жеке қабылдау барысында материалдық-тұрмыстық жағдай бойынша өтініш алынды. Азаптау бөлігінде өтініш түскен жоқ. Медициналық көмек көрсетілді. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Бейнежазба фактісі бойынша қызметтік тексеру басталды- деп мәлімдеді Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.

Ал дәл осы мекмеде тағы бір сотталған;

«Бүгін 13 наурыз 2025 жылы, 58- мекмеде Өмірзақ Нұргелді Ғабитұлы сотталған өзінің жазасын өтеп жатыр яғни  106 баптың 1 бөлігі мен 4 жыл 8 айға бас бостандығымнан айырылғанмын. қазіргі таңда осы видеоүндеу жолдау себебім менің, осы мекеменің қызметкерлері. Админстраторлары және осы мекеменің бастығы Жаппаров Руслан оның қол астындағы қызметкерлері бізге келіп, осындай қоқаң-лоқы жасап, біздің ар-намысымызды қорлап, ар-намысызға тиетін балағат сөздер айтып бізді осындай жағдайға мәжбүрлеп отыр. Қазіргі таңда, міне келеді азанымен, осындай нәрсе, біздің ішіп  отырған тамақтарымызды бәрін міні жерге тастап, бәрін шашып, мынандай міні, біздің ар-намысымызды қорлап осындай міні, бізді мазақ қылып осындай, қолдарыңнан не келеді сендердің, сендер сотталып кеткенсіңдер, сендер ештеңе істей алмайсындар, сендер ешкімге керек емессіңдер деп, бізді балағаттап, осындай нәрсе істеп жатыр. Мынау 58 мекемеге тексер жіберулеріңізді сұраймыз. мекемеде жазамызды өтеп жатқан мекемеміз, міне қараңыздар, еденіміз жоқ бетонда өмір сүріп жатырмыз. Бізді қорлау, зорлық-зомбылық бізге істеп жатқаны бәрі. Осы жерде сотталған азаматтардың барлығының шағымы осылардың жан-айқайы мынау. Мәселенің бәрін қадағалап қарауларыңызды сұраймыз. Құрметті Тоқаев мырза, осының бәрін тексеріп қадағалауыңызды сұраймыз. Біздің жанайқайларымызды естуіңізді сұраймыз. Осы жерде балдардың өзіне қол жұмсау әрееттері болып жатыр. Войска кіргіземіз, сендерді ұрғызамыз, соқтырамыз, сендердің өліктеріңзді шығарамыз керек болса осы жерден деген сөздер айтып, қорқытып бізді, по семейним обстаятельство өз-өзіиізге қол жұмсадым деп жазып беріңдер, негізі бұл жақта бізге пытка болып жатыр. Камера жоқ жерге алып барады, ұрады соғады, балағаттайды. Камераның астындада ұрып балағаттап, жаңа азанымен Жаппаров Руслан келіп. Тоқаев мырза, келіп қадағалауыңызды сұраймын. Өзіңіздің жеке комиссияңызды жіберуіңізді сұраймын. Біздің жанайқайымызды еститін шығарсыз.»- деп жарияланған бейне үндеу жазылып жарияланған. 

Алайда бұл бейне үндеуде басқа бір адам бейне камераға түсіріп сөздерін үйретіп тұрғаны байқалады.

Тағы бір бейне үндеу мекмедегі жағдайға шағым қалдырып бейнежазба  түсірген екен. Сілтемеден толығырақ:

 

Ал қарнына шеге қақтырған мынау түсірілімде Прездиентке үндеу қалдырып өз өліміне мекеме басшысын айыптауды сұраған көрінеді.

«Таңатар Қанат Жомартұлы, 12.05.1999 жылы. Қазіргі таңда, 58 мекемедежазамды өтеп келемін. құрметті Президент мырза, сізден өтініп көмек сұраймын. Қазіргі таңда осы іс-әрекетіме осы 58 мекеменің бастығы яғни Жаппаров Руслан Нұрланович және қызметкерлері осы дәрежеге жеткізді. Менің өліміме кінәлі осы мекеменің қызметкерлері. Кінәні осы мән-жайға қарап, қадағалап, көмегіңізді сұраймын»- дейді сотталған

Ал қалған бейнежазбаларда Президентке жолданған. Сілтемеден толығырақ:

Сардар Әбдіжақия

Жамбыл облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *