Балабақша медбикесі жедел ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Бүгін 07- сәуір күні, Шымкент қаласындағы №39 «Інжу-Маржан» бөбекжай бақшасындағы медбике бүгін азанда еңбекке жарамсыздық парағын аяқтап жұмысқа келуі мен, балабақшақызметкерлері қолына телефонын алып келіп медбикені түсіріп қандайда құжатқа қол қоюуын талап еткен. Моральдық қысым алған болса керек сол уақытта медбикенің қанқысымы көтеріліп, балабақшадан жедел жәрдем алып кеткен.
Денсаулығы ауыр болса керек ол қазіргі уақытта ауруханаға жатқызылды.
№39 «Інжу-Маржан» бөбекжай бақшасының медбикесі, балалардың сырқаттанғанын растайтын медициналық анықтамалардың жасанды екеніне күмән келтіріп, және балабақша ішіндегі заңсыздықтарды тиісті басшылықпен органдарға шағым түсірген күннен бастап, балабақша басшылығынан қысым көріп жатқанын жеткізген. Мемлекеттік балабақша басшысы өзінің кемшіліктерін жасыруға тырысқанба, әйтеуір медбикені сотқа да берген. Алайда сотта ұтылатынын сезінген болса керек, арызды толықтырып жазамын деген сылтаумен түсініксіз жағдайда, сот процесі барысында соттан арызын қайтып алған.
Балабақша меңгерушісі Мадина Керімбекова, балабақша медбикесі менің үстімнен органдарға арыз жазды деп моралдық зиян өндіру мақсатында сотқа бергені белгілі болды.
Шымкентте Мадина Керімбекова басшылық ететін, 39- санды “Інжу Маржан” бөбекжай бақшасында балалардың сырқаттанып қалғанын растайтын медициналық анықтамалар, «ИНДИГО» жүйесіне еніп кеткен.
Алайда ол анықтамаларды кім бергені яғни кім жасағаны белгісіз!





— Ал орган қызметкерлері ҚР ҚПК-нің 24 бабындағы талаптарға сай тексермеген.
— балалардың ата-анасынан жауап алынбаған!
— Анықтамадағы дәрігерден жауап алынбаған!
— Балабақша медбикесінен жауап алынбаған!
— Қойылған қолдар түп нұсқасы бола тұра анықтамаларға сот сараптамасы жасалмаған!
— Ауруханадан жауап алынбаған!

Жалғасы бар!
Сардар Әбдіжақия
Шымкент қаласынан