Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовты атып кетті. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі депутаты болған Руслан Берденов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған еді. Арадан көп өтпей 21 сәуір күні белгісіз біреу әкім орынбасарына қарата оқ жаудырған. Бейресми ақпарат көздеріне сенсек, Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты «Тұрғын үй Шымкент ЖШС» қызметкері, өзінің әйеліне тиіскені үшін, әкім орынбасары Руслан Берденовтың әкімдік ғимаратынан шығуын күтіп тұрып, оған 3 рет оқ атқан. Әкім орынбасары жүргізушісі көмегімен әкім аман қалды деп қоғам қызу талқылап жатыр.
Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаменті:
2025 жылғы 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының жанында атыс оқиғасы орын алды.
Оқиға салдарынан әкімдік қызметкері жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде.Аталған қылмысты жасаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталады.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді- деп мәлімдеме жасады.
Лайк баспағаны үшін Жастар орталығының психологиялық бөлімінің басшысына тәртіптік шара көрілгені туралы шу шыққан Шымкент қаласында, бүгін бас шайқайтын жанжал атыспен аяқталды.
Шымкент қаласы
жалғасы бар