Антикор: Бейнедегі алаяқ агенттік басшысының атынан қоңырау шалған. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Сардар Әбдіжақия өзінің фейсбук парақшасында, «АНТИКОР ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҚОҢЫРАУ СОҚҚАНЫ РАСПА?» атты ақпарат жариялады. Оның айтуынша, әлеуметтік желіде желдей ескен мынау бейнежазба жаға ұстатты. Жуалы ауданында орналасқан, №4 Құрманбек Сағындықов мектебінің директоры Жанерке Пернешова, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, артынша Ерлан Орман атты фейсбук парақшадан мектеп директорының қоңырау соққан азаматпен сөйлескен үн жазбасы жарияланды.

Алайда осы бүгінге дейін құзырлы органдар тарапынан аталған дерек бойынша, мектеп директорына, антикор төрағасы Асхат Жұмағалидің атынан қоңырау соққан адам табылып аталған жәйтке байланытсты ешқандай шара көрілмеген. Бұл үнсіздік, шынында Асхат Жұмағалидің қоңырау соққанба деген ой қалыптасатыны айдай анық.
Дегенмен антикор өкілдері үнміз қалмай, антикор өкілі Данияр Бигайдаров, жарияланған бейнежазба астына «бейнедегі алаяқ агенттік басшысының атынан қоңырау шалған. Аталған ақпарат жұмысқа алынды«-деп ескерту түріндегі жазба қалдырды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяқтар туралы ескертеді
Осы бейнедегі алаяқ агенттік басшысының атынан қоңырау шалған.
Аталған ақпарат жұмысқа алынды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтар туралы тағы да ескертеді.
Сонымен қатар, алаяқтар Антикор символикасы бар жалған құжаттарды, хабарламаларды және файлдарды жасауда және жолдауда.
Жалған ақпараттық таратуларға сенбеу, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз.
Осындай қоңыраулар мен таратуларды алған жағдайда, осы фактілер туралы Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз.
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз- Данияр Бигайдаров
Жамбыл облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *