Тыйым салынған діни әдебиеттер тәркіленді. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Алматы қалалық полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қалалық ұлттық қауіпсіздік департаменті әріптестерінің көмегімен тыйым салынған діни бірлестік өкілдерінің қылмыстық әрекетінің жолын кесу мақсатында арнайы іс-шара жүргізді.
Бір топ адамдар заңға қайшы әрекет жасап, тұрақты түрде кездесулер ұйымдастырып, діни әдебиеттерді, соның ішінде цифрлық ақпарат құралдарында материалдарды таратқаны белгілі болды.

Жедел іс-шаралар барысында заңсыз әрекетті ұйымдастырушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тыйым салынған бірлестікті ұйымдастыру және оның қызметіне қатысу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Алматы қаласы