Шетел азаматына пышақ сұққан азамат ұсталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Жамбыл облысы Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде суық қару қолданылған шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жәбірленуші шетел азаматына полицейлер жедел көмек көрсетіп, ауруханаға жетуін қамтамасыз етті. Медициналық көмек көрсетілді. Ол ауруханаға жатудан бас тартты. Өміріне қауіп жоқ.
Күдікті қылмыс ізін суытпай қашпақ болған сәтінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Іс бойынша тергеу барысы тікелей бақылауда.
Жамбыл облысы