Шымкенттің әкімі маған өткізіп қойған жоқ!-Сардар Әбдіжақия
Шымкент қаласында өстім, көп уақыт тұрдым. Бұл қалаға келіп кеткен әкімдері де, олардың жасаған жұмыстары да маған бейтаныс емес.
Әкімдер келеді, кетеді, арттарында тек олардың жасаған жұмыстары мен халыққа көрсеткен ілтипаты, адамдармен болған қарым-қатынасы қалады, яғни оның басқан ізі…
Артыңнан жақсы іс қалсын деп бұрынғылар бекер айтпаса керек.
Әкімді, қар жауса да, жаңбыр жауса да, тіпті жарияланған ақпарааттарға лайк басу даулары туындаса да сынайтынымыз жалған емес!
Оққа ұшқан әкім орынбасары болғаны мен, сынға сынатын әкімді көрген жоқпын!
Шымкент қаласы әкімінің бір қасиетін қастерлей отырып, көкейімдегі көңілімді көтерген көріністермен бөліскім келді.
Жалпы жаздың шілде айларында аптап ыстық төбеңнен тоқпақтап тұрған уақытта, су бұрқақтардың (фонтан) атқылап жатқанын көрген емеспін. Су бұрқақтар тек кешке күн көзі қайтқанда қосылатын еді.
Ал Шымкентке  Ғабит Сыздықбеков әкім болып келгеннен бастап, жаздағы қаланың көрінісі, атқылап жатқан су бұрқақтармен көркейді. Су бұрқақтары атқылау үшін, күннің көзін қайтқанын күткен жоқ. Тәулік бойы су атқылап, басыңнан ыстық өтсе сол су бұрқақ астына барып, ес жинайсын. Мен бұрыннан білетін қуыс-қуыс көшелердің жылдап жататын қоқыстары мен орманға айнала жаздаған жабайы шөптерден көшелер көз ашты.
Бұрынғы Ғабидолла Әбдірахымовтың кезіндегі көркем көшелермен жолақтардың бойындағы түрлі- түсті гүлдер құрдымға кетуіне шақ қалған еді шамамда. Оның үстіне аты жаман пандемия келіп көшедегі сұлулық мұнда тұрсын, адам өз өмірімен арпаласы жан таласқа түстік емеспе?
Енді келіп күн ысығанда көшелерге су шашып адамдардың қуанышына бөленген әкім, қаланың мегаполис атына сай әсемдеп жатқаны көңіліңді көтереді. Шымкент қаласы расында да көркейіп жатыр.
Көздегенім, күннің көзінде күйіп жүргендерге су сеуіп салқындық сыйлағанын айтқым келді. Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын дегендей, жақсы адам жанымызда жүргенін бағалай білейік…
 Сардар Әбдіжақия

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *