Бір мезетте 20 адамға сот үкімі оқылды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Бүгінгі таңда мемлекетімізде алаяқтық әрекеттермен бірге «қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету» бойынша адамдарға материалдық залал келтіру бтуралы қылмыстық құқықбұзушылық әрекеттері өршіп келеді.
Республикамызда «Chia Tai Pharmaceutical» қаржы пирамидасы қаншама адамның қалтасына қастандық жасап, өз салқынын тигізгені анықталып бір қаншама өңірлерде аталған қаржы пирамидаларының ұйымдастырған және оларға басшалық етіп заңсыз пирамида бизнесін жарнамалағандарға қатысты сот үкімдері шығып, жауапкершілікке тартылып жатқандар жетерлік. «Chia Tai Pharmaceutical» пирамидасының тамыры тереңде болса керек, бір «бұтағы» Түркістан облысының Төле би ауданына жеткен екен, жауаптыларға сот үкімі оқыды.
Түркістан облысы Төлеби аудандық сотында, судья Ғани Байарыстанның төрағалығында, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 217-бабының 3-бөлігінің 2) тармағымен қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін айыпталып сотқа берілген 3 азаматша, ҚР ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 217-бабының 3-бөлігінің 2) тармағымен айыпталып сотқа берілген 17 адамға қатысты сот талқылау аяқталды. Жалпы 20 адам, қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету бабымен қоса қылмыстық құқыбұзушылық әрекетіне сыбайлас қатысушылары бойынша жарнамалап жәрдемдесті деген айып тағылған.
Төлеби аудандық сотының төрағасы, судья Ғани Байарыстан, қаржы пирамидасын ұйымдастырып оған басшылық ету бабы бойынша азаматша А-ға 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Ал екінші азаматша К-ны 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Үшінші азаматша И-ні 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Қалған 17 адамды, 2 жылға бас бостандықтарынан шектеу жазаларын тағайындады. Сотталушыладың арасында мектеп мұғалімі, балабақша қызметкері, көп балалалы аналарда бар. Оның ішінде жағдайы төмен азаматтарда барға ұқсайды. Үкім оқыған судья Ғани Байарыстан, олардың отбасылық жағдаларын назардан тыс қалдырмай кейбіреулеріне жазаны жеңілдететін мән-жайларды да қаперінен тыс қалдырмады. Осылайша сегіз айға созылған қылмыстық іске нүсте қойылды.
Судья Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің тергеушісіне жеке қаулы қабылдады.
Бұл сот үкімі мен адамдарға қолданылған жазалар, басқада адамдарға сабақ болса дейміз.
Соттың шығарған үкіміне жәбірленуші тараптармен сотталушы тараптарда қанағаттанған болса керек, оқылған сот үкіміне наразылық білдіріп, апелляциялық шағым келтіреміз деген адамдардың сөздері сот залында естілмеді.
7 жыл қамау жазасын арқалаған А есімді ана, бұрында сотты болғаны белгілі болды. Екінші рет сотты болып отырған азаматша А., судьяның қабылдған сот актісіне өз ризашылығын білдірді.
БАҚ өкіліне брифинг бермегені туралы мәселе бойынша, алдын ала БАҚ өкілі сот отырысына қатысқаны туралы сотқа белгісіз болғаны анықталып, судья Ғани Байарыстан тарапынан 25.06.2025 жылы сотқа келіп туындаған сауалдарға жауап алуға мүмкіндік бар екенін, судья өзінің сауалдарға жауап пен брифинг беруге дайын екенін, сот қашанда ашық екені туралы хабарланды.
30 минуттай аяқтан тік тұрып сот қабылдаған қаулылармен сот үкімінің қарар бөлігінің жариялауын тыңдаған сотқа қатысушылармен тыңдаушылар, амал жоқ сот ғимаратындағы ыстыққа шыдауға мәжбүр болды. Себебі сот ғимаратында салқындатқыш техникасы (кондиционер) болғаны мен, ол ғимаратта сотқа қатысушылардың ғана емес, тіпті іске төрағалық етуші судьяның өзі қара терге түсіп, аптап ыстықтың найзасына төтеп беруіне мәжбүр екенін көзбен көрдік.
Сот залында жасаған қылмысы мен қайғыдан қамығып, қара уайымға салынып отырғандар мен забір көрген жәбірленушілердің сот залындағы ыстықтыңда жәбірін қоса тартуға тура келді.