Бақытжан Базарбекті сотқа бергендер дегеніне жетпеді. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында, ҚР Парламент депутаты Базарбек Бақыжан Жұмабекұлына қатысты, талапкер «Салауатты Астана» ЖШС- нің шағымы негізінде, үшінші тұлға болып ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қатысқан сот талқылауы аяқталды. ҚР АК-нің 143- бабында көзделгенғ, іскерлік беделіне нұқсан келтірді деген бағытта сот ісі қаралып шешім қабылданды.
Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы А.Б.Ордабаева, талапкер «Салауатты Астана» ЖШС нің, Базарбек Бақытжан Жұмабекұлына қатысты іскерлік беделін қорғау туралы талап арызын қанғаттандырусыз қалдырды.
Сот шеші заңды күшіне енген жоқ. Сот шешіміне наразы тараптар, апелляциялық шағымды прокурор Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты арқылы, Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына, түпкілікті шешім шығарылған күннен бастап бір ай ішінде, ал сот талқылауына қатыспаған адамдар шешімнің көшірмесін жіберген күннен бастап, бір ай ішінде шағым келтіре алатыны туралы шешім бөлігі оқылды.
Сардар Әбдіжақия
Астана қаласы
![]()
