Палатаның заңгерлері тегін құқықтық көмек көрсетті. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады, Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттары палатасы сілтеме жасап
2025 жылғы 19 қарашада «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттары палатасының заң консультанттары Г.Исмаилова, С.Кантуреев, С.Абдуяхя халық қалаулылары облыс депутаттарының, мемлекеттік мекемелердің (прокуратура, департаменттер, басқармалар), үкіметтік емес ұйымдар, банк өкілдерінің, адвокаттар, сот орынаушыларының қатысуларымен Төле би ауданында, Арыс қаласында және Арыс ауылдық округіне қарасты Ақдала елді мекенінде мобильдік қоғамдық қабылдау жүргізіп, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында тегін құқықтық көмек көрсетіп, халықтың көкейінде жүрген барлық сұрақтарына толықтай жауап берді.
Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттары палатасы
![]()
