Қазақстанның ІІМ басшысы Түрікменстанның мемлекеттік көші-қон қызметінің төрағасымен кездесті. Бұл туралы “Астарлы ақиқат” ақпарат агенттігі жариялады

ІІМ-де Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Сәденов пен Түрікменстанның мемлекеттік көші-қон қызметінің төрағасы Аманмухаммет Сазаковтың кездесуі Түрікменстан Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында өтті.

Кездесу барысында ведомствоаралық өзара іс-қимылдың жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.

Сонымен қатар екі елдің ведомство басшылары Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Тараптар әріптестік қатынастарды одан әрі дамытуға мүдделілік білдірді.

Астана қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *