Жамбыл облысында полицейлер 5 миллион теңге бопсалаған қоғамдық белсендіні ұстады. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.

Жамбыл облысы Полиция департаментіне Тараз қаласының тұрғыны өзіне бопсалау жасалғаны туралы арызбен жүгінді.

Өтініш иесінің айтуынша, қоғамдық белсенді оның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді әлеуметтік желілерде таратамын деп қорқытып, жарияламау үшін 5 миллион теңге талап еткен.

Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері жедел түрде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдікті арызданушыға қысым көрсетуді тоқтату және бұған дейін әлеуметтік желілерде жарияланған жағымсыз пікірлерді өшіру үшін алынған ақшаны беру кезіндегі қылмыс үстінде ұсталды.

Жамбыл облысы Полиция департаменті азаматтарды осындай деректер анықталған жағдайда дереу полицияға жүгінуге шақырады.

Жамбыл облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *