Алматы – Өскемен автожолының 215 шақырымында орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы “Астарлы ақиқат” ақпарат агенттігі жариялады
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Chevrolet Monza автокөлігінің жүргізушісі басқаруды игере алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, тіркемесі бар Iveco жүк көлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан жүк көлігі аударылып, қарсы бағытта келе жатқан Mazda автокөлігін басып қалған.
Сонымен қатар, бір бағытта келе жатқан Hyundai Sonata автокөлігінің жүргізушісі соқтығысуды болдырмау мақсатында жол жиегіне шығып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mazda және Chevrolet Monza автокөліктерінің жүргізушілері түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға, қауіпсіз жылдамдықты таңдауға және жолда барынша мұқият болуға шақырады. Естеріңізге сала кетейік: қауіпсіздік талаптарын елемеу ауыр салдарға әкелуі мүмкін.
Жетісу облысы
![]()
