- Жетісу облысында ТЖД қызметкеріне қатысты күш қолданды деген күдікпен азамат ұсталды
Жетісу облысының полиция қызметкерлері билік өкіліне қатысты күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
19 шілде күні Алакөл көлінің жағалауында Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері шағын көлемді су көліктерінің иелерімен профилактикалық жұмыстар жүргізу барысында демалушылардың бірі қызметкердің заңды қызметін атқаруына кедергі келтіріп, кейін оған қол жұмсаған.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол өз кінәсін мойындады.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Полиция билік өкілдеріне қатысты күш қолдану немесе олардың заңды қызметіне кедергі келтіру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
![]()

