Қостанай қаласындағы үш қабатты әкімшілік ғимаратта өрт шықты. Жалын үш қабаттағы жұмыс бөлмелерін, ғимараттың сыртқы қаптамасы мен шатырын, сондай-ақ екі автокөлікті шарпыды.
Өрттің жалпы аумағы 900 шаршы метрді құрады.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері құтқару қалпақшасының көмегімен екінші қабаттан бір әйелді аман алып шықты. Зардап шеккендер жоқ.
Өрт сағат 16:42-де оқшауланып, 17:41-де толық сөндірілді.
Оқиға орнында ТЖД-ның 67 қызметкері мен 15 техникасы, сондай-ақ жедел құтқару жасағы, Апаттар медицинасы орталығы, полиция, жедел медициналық жәрдем және қалалық қызмет өкілдері жұмыс істеді.

Өртті сөндіруге екпіні секундына 13 метрге дейін жеткен қатты жел және ғимараттың тез тұтанатын сыртқы қаптамасы қиындық туғызды.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Қостанай облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *