Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік желіде бейәдеп сөздер айтқан құқық бұзушы 5 тәулікке қамауға алынды
Орал қаласында полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында бейәдеп сөздер мен өзге азаматтарға қатысты балағат сөздер айтылған бейнежазбаны анықтады.
Жүргізілген іс-шаралар барысында бейнежазбаның авторы анықталды. Ол — Орал қаласының 30 жастағы тұрғыны Асхат Құмаров болып шықты.
Сот шешімімен құқық бұзушы 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
Батыс Қазақстан облысы
![]()
