
Күнделікті ашылып жатқан қылмыстар бойынша жасалып жатқан жұмыстар легінде полиция қызметкерлерімен қоса полицейлердің төрт аяқты көмекшілерінің де зор үлесі бар.
Бүгін полиция Департаментінің Кинологиялық қызметі орталығында 29 қызметтік-іздестіру иті бар, олармен ағымдағы жылдың басынан бастап 500 шақыртуға «қызмет» көрсетілді.
Орталықта неміс овчаркалары, лабрадорлар, спаниельдер мен белгиялық овчаркалар бар. Бұл жерде иттерге арналған вольтерлер мен қызметкерлерге арналған қызметтік бөлмелер қарастырылқан, сонымен қоса, медициналық блок пен әртүрлі жаттығулық құрылғылар кешені де бар.
Қызметтік көмекшілердің күн тәртібі нақты жоспарланған, әр таң ветеринарға қаралумен басталады, одан әрі – кәсіби жаттығулармен жалғасады. Полицейлердің төрт аяқты көмекшілері иіс сезу қабілеттерін дамытып, төзімділіктерін шыңдайды, әр түрлі көліктегі жұмысқа жаттығады: қозғалыстағы поезде, жүзуге арналған көлік құралдарында және шайқатылу жағдайында әрекет етуге бейімделеді.
Одорологиялық сәйкестендіру саласында да иттің иіс сезгіштігі үлкен рөл атқарады, атап айтса, «Адель» атты қызметтік иттің иіс сезгіштік қабілетінің арқасында донорлық иіс пен оқиға орнынан алынған иіс үлгісінің сәйкестігі анықталды.
Полиция полковнигі Юрий Колесников, бүгінгі күні төрт аяқты көмекшілеріміздің қызметін атап өтпек болғанын айтты. Ол өз сөзінде, көбінесе мүліктік қылмыстарды ашуда қызметтік-іздестіру иттерінің көмегі зор екенін, иттердің көмегімен 35 есірткіге қатысты және 126 өзге қылмыс түрлерінің ашылғандығын айтты. Қызметтегі жоғары көрсеткіштері үшін, біздің көмекші достарымыз грамотамен қоса, бағалы сыйлықтар да алады,- деді сөзін бекіткен Юрий Колесников.
— Иттермен жұмыс жасауда полицейлерден үлкен жауапкершілікті, жұмысқа қабілеттілік пен жанкештілікті қажет етеді,- деп Кинологиялық қызметі орталығының бастығы Қуанышбек Қабжанов бұл жұмыстың оңай еместігін атап өтті. Себебі қызметтік иттердің кәсіби дайындығы 70%-ға кинолог-маманға және тек 30%-ы иттің өзіне байланысты болатынын айтты. Солайша, араларында сенімді қарым- қатынас орнағанда ғана, жұмыс орнықты әрі мінсіз болады. Ал мўндай нјтиже, қажырлы еңбек, жақсы тәрбие және жұмыс сапасын үнемі жақсарту жолымен келеді.
Шара соңында, марапатталушы мықтылар көрсеткіш қойылымдар көрсетіп, келген қонақтарға «кішіпейілділік» танытып, фотосессия өткізуге қарсылық білдірмеді
«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі
Павлодар облысы
![]()
