9-12 сәуір аралығында Түркістан облыстық полицейлері, көші-қон заңнамасының бұзылуының жолын кесу, алдын алу үшін және көші-қон саласындағы басқада құқықбұзушылыққа бағытталған жедел-профилактикалық «Заңсыз келуші-2019» шарасын өткізеді. «Заңсыз келуші-2019» іс-шарасы бойынша Түркістан облысы полиция департаментінің көші-қон басқармасының қызметкерлері екі күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 523-адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның 443 адамы шетелдіктер болып шықты. Заң бұзушылардың 213-не ескерту берілді, 47-не әкімшілік айыппұл салынды және 196 шетелдік әкімшілік қамауға алынды. Түркістан облысының полицейлері жеке бастарын анықтайтын құжаттары жоқ 16 адамды қабылдап-бөлу мекемелеріне орналастырылды. Сондай-ақ, сот шешімімене 67 шетел азаматы Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылып, 45 шетелдіктің еліміздің аумағында болу мерзімі қысқартылды. Одан бөлек, шетелдік жұмыс күшін заңсыз жұмысқа тартқаны және көші-қон саласындағы заңды бұзғаны үшін 80 Қазақстандық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Түркістан облысы полиция департаментінің көші-қон басқармасы атап өткендей «Заңсыз келуші 2019» жүргізу-облыстағы көші-қон жағдайын оңалтуға бағытталған бірден-бір жұмысы болмақ.
«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі
Түркістан облысы
![]()
