Павлодар облысы Полиция департаменті бөліністері арасындағы жарысқа барлық аудандық полиция бөлімдері және Департамент аппараты қызметкерлері қатысты. Республикалық кезеңге жолдама алу үшін 66-дан бастап 100 кг-нан аса 5 салмақ категориясында 50 палуан күресті.
Турнирді АДБ бастығы полиция подполковнигі Бауыржан Умаров салтанатты түрде ашты.
Ол спортшыларға үлкен жеңістер мен табыстар тіледі.
«Қазақша күрес» – бұл палуанның күші ғана емес, ол оның шеберлігі, шыдамдылығы. Әрбір қатысушы қарсыласын жеңу үшін барынша күш салды.
Жарыс қорытындысы бойынша 100 кг аса салмақ дәрежесінде Егінбаев Еркебұлан жеңіп шықты. 100 кг салмақ дәрежесінде жоғарыға Папанов Еркін көтерілді, 82 кг. салмақ дәрежесінде Тасмағамбетов Бейбіт үздік шықты, 74 кг. салмақта бірінші орынға Какенов Султан, 66 кг-да Бейсекин Қасиет ие болды.
Үздік шыққандар Петропавл қаласында 27 маусымда өтетін ҚР ІІМ қазақша күрес бойынша чемпионатына қатысады.
Барлық жеңімпаздар естелік сыйлықтармен, кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Павлодар облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *