Close up of a man using mobile smart phone

Шымкенттік полицейлер алаяқтық жолмен телефон жымқырған деген күдікпен азаматты ұстады. Ол көрші үй тұрғынының сеніміне кіріп, ұялы телефонын қоңырау шалуға сұрап алып, белгісіз бағытта кетіп қалған. Тергеу барысында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен күдікті азамат анықталып, Еңбекші АПБ-на жеткізілді. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігімен «Бұзақылық» сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қазір алаяқтық жайттары жиілеп кеткенін айта кету керек. Қазіргі таңда азаматтарымыз алдаудың қарапайым ғана тәсілдерінің құрбаны болып отыр. Алаяқтар ең әуелі кісінің сеніміне кіруді көздейді.

Осыған байланысты Шымкент қаласы Полиция департаменті азаматтардың ерекше сақ және мұқият болуларын сұрайды.

Шымкент қаласы полиция департаменті

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *