Car thief at parking lot

Ағымдағы жылдың 13 шілдесінде Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері автокөліктің ішінен ұрлау 3 жайтын тіркеді. Екі жағдайда қала үйлерінің аулаларында тұрған автокөліктерден аккумулятор, магнитофон, домкрат, кілттер сайманы ұрланған. Үшінші жағдайда, демалыс аймағының жанында тұрған көліктің терезесін сындырып, бейнетіркегіш және 300 мың теңгеден астам ақша ұрланған. Барлық ұрлық жайттары белгісіз тұлғалармен жасалған. Тергеу барысында полицейлер қаскүнемдердің жеке басын анықтады.
Аталған жайттар бойынша ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігімен «Ұрлық» сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде- деп хабар берді Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Шымкент қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *