Келес АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші әйелдің айтуынша түнгі сағат 21:30-дар шамасында белгісіз тұлға үйіне заңсыз кіріп, ұрлық жасамақшы кезінде көріп қалып, ал ол белгісіз жан терезені сындырып, сол арқылы қашып кеткенін, ұстай алмай қалғандығын көрсетеді. Аталған жайт ҚР ҚК-нің188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. Келес аудандық полицейлері оқиға орындарына тез арада жетіп, жедел-іздестіру шараларын жасады. Куәгерлерден жауап алып, жақын аймақтарды мұқият тексерді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары, осы қылмысқа күдікті ретінде жергілікті тұрғынды таң атысымен аудан көшелерінің бірінен қашып жүрген жерінен ұстады. Күдікті екі үйге де ұрлыққа түскенін мойындады. Және сол сәтте аздап ішімдік ішкені белгілі болды. Анықталғандай, дәл осы түні күдікті осы ауылдағы тағы бір үйге ұрлыққа түсіп, алайда өз ойын соңына дейін жеткізе алмай, бұл жолы да үй иесі көріп қойып, қашып кеткен. Бұл жайында жергілікті тұрғын АПБ-не кезекші бөліміне арызданған. Аталған жайт та Келес АПБ-не тіркелді. Бас шарасы «қолхатта». Қазіргі таңда аталған жайттарға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, іс сотқа жолдануда. Түркістан облысы полицейлері азаматтарға тұрғын-үйлеріңізде мүмкіндігінше бейнебақылау камераларын орнатып, аулаларыңызды жарықтандырыңыздар деп кеңес береді. Қажетінше есіктеріңізді, қоршауларыңызды мықтылап бекітіп, терезелерге темір тор орнатыңыздар. Егер жде сіздің үйіңізге ұры түсіп болмаса осындай жайттың куәсі болсаңыз, тез арада полицияның «102» нөміріне хабарлаңыздар.
Түркістан облысы
![]()
