Түркістан облысы Полиция департаменті қызметкерлерінің қарқынды жұмыс атқаруы нәтижесінде өткен жылдың 3 айымен салыстырғанда биылғы жылы орын алған қылмыстар саны 18,2 %-ға азайды. Нақтырақ айтсақ, қоғамдық орында жасалған құқықбұзушылықтар 25,7 пайызға, көшелерде жасалатын қылмыстар 26,2 пайызға төмендеген. Оған қоса Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен елімізде наурыз айының ортасынан бері төтенше жағдай режимі енгізілді. Осы тұста Түркістан облысы полицейлері күшейтілген режимде қызмет атқарды. Осы кезеңдерде полицейлер, тәртіпке бағынбай, заңға қайшы өрескел әрекет жасаушыларды анықтап, шара көрілді. Облыс бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы «Төтенше жағдай режимін бұзу» бойынша 123 жайт анықталды. Оның ішінде 63 тұрғынға соттың шешімімен әкімшілік айыппұл салынды. 1 азаматқа ескерту беріліп, 43 азамат әкімшілік қамауға алынды. Сотта 16 іс қаралу үстінде. Бұл құқықбұзушылық жасаған азаматтардың бірі төтенше жағдайға қарамастан той, туған күн, беташар, тұсаукесер жасаса, келесілері өздерінің ойын-сауық орындарын ашып, адамдарды қабылдағаны үшін жауапқа тартылды. Ал, тағы біреулері шектелген уақытта адамдар тобы болып шоғырланғаны үшін ескерту алып жатыр. Сондай-ақ блок-бекетте қызметте тұрған полицейге қарсылық білдіріп, қамауға түскен тұрғында бар болып шықты. Сондықтан Түркістан облысы полицейлері азаматтарға ескертеді. Тәртіпке бағыныңыздар, төтенше жағдай режимін бұзбаңыздар. Мүмкіндігінше сабырлық сақтап, бәрі жақсы аяқталуына ықпал етіңіздер.
Түркістан облысы
![]()
