Мақтаарал АПБ–не жергілікті тұрғын әйел арызданады. Жәбірленушінің айтуынша оның тұрғын-үйіне ешкім жоқ кезінде ұры түсіп, 240 000 теңгесін жымқырып кеткен. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тіркелді.

Мақтарал ауданының тәжірибелі полицейлерінен құрылған жедел тергеу тобы оқиға орнына жетіп, ұрлық қылмысын жасаған қылмыскерді анықтауға кіріседі. Куәгерлерден сұрастырып, жақын аймақтарды аралап, мұқият қарап шығады. Кәсіби шеберлігі мол із кесуші қызметкерлердің қырағылығының, тынымды еңбегінің арқасында күдікті ретінде ауыл тұрғыны анықталды. Күдікті Сарыағаш ауданынан бой тасалап жүрген жерінен құрықталып, қамауға алынды. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 188-бабымен қылмыстық іс Мақтаарал аудандық сотында қаралуда.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті жас жігіт түнгі уақытта оңай жолмен ақша табу мақсатындажәбірленушінің үйінде ешкім болмағанын пайдаланып, тұрғын үйінің ішіне жасырын түрде кіріп, жатын бөлмесінің есігі аспалы құлыппен құлыптанып тұрғанын көріп, сол құлыпты өзімен бірге болған арнайы темірмен бұзып, сол бөлмеде сейф ішінде қорапта тұрған жалпы құны 240 000 теңге ақшаны жасырын түрде жымқырып кетіп, бой тасалап ауылдан кетіп қалған. Дегенмен, полицейлердің нәтижелі жұмысы арқасында күдікті қолға түсті. Түркістан облысы полицейлері азаматтарға пәтер ұрыларынан барынша сақ болыңыздар деп ескертеді. Аулаларыңызды жарықтандырып, бейнебақылау камераларын орнатып, дабылқақыштар қоюға шақырады. Сонымен қатар, тұрғын-үйлеріңізді мүмкіндігінше қараусыз қалдырмаңыздар.

Түркістан облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *