«Қаратау» ауданы Полиция басқармасына 5 бірдей азамат оларға қатысты жасалған алаяқтық жайты туралы арызданған. Олар өз арызында корпорация қызметкерлері екі есе көбейтіп береміз деп алаяқтық жолмен сенімдеріне кіріп, қомақты сомада қаражаттарын алғанын көрсеткен. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Келтірілген шығынның жалпы сомасы 7 миллион теңгеден асады.
Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігімен (Алаяқтық) Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Қазіргі таңда Қаратау ауданының Полиция басқармасы криминалды полиция бөлімі қызметкерлерімен 1994 ж.т. азаматша анықталып, полицияға жеткізілді.
Тергеу амалдары жүргізілуде. Шымкент қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *