Шымкент қаласы Абай ауданы бойынша кәсіптік нысандарда карантин режимінің сақталуын бақылауға алу мақсатында мобильдік топ құрылған.

Жасақталған сала өкілдері тұрақты түрде жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізіп келеді. Бірлескен топ өкілдері ағымдағы жылдың 8 қараша күні Асқарова көшесі бойында орналасқан «Москва» түнгі клубы түнгі сағат 01:30 шамасында өзінің жұмысын тоқтатпағанын анықтаған. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі мәлімдеді. Шымкент қаласы Бас санитарлық дәрігердің қаулысын сақтамағаны үшін мекеме иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 425 бабының 1 бөлігімен шара көру үшін Абай ауданының тауарлар мен көрсетілетін қызметтері сапасының қауіпсіздігін бақылау басқарамысына іс-құжаттар жолданды.

Шымкент қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *