Алматыда жалған полицейлер жасөспірімдерді тонады. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі
мәлімдеді. Түрксіб аудандық полиция Басқармасының хабарлауынша, «қылмыстық үштік» негізінен Баум тоғайында жүрген. Көбінесе күндізгі уақытта. «Олар жалғыз жүрген жас жігітті аңдыған, оған жақындап, өздерін полиция қызметкерімін деп таныстырды, дегенмен қаскөйлердің формасы немесе қызметтік куәліктің имитациясы болмаса да, жасөспірімдерден ұялы телефондар мен басқа да қондырғыларды алып кеткен. Қазір күдіктілер ұсталып, уақытша қамауға алынды. Тергеудің осы кезеңінде тек біздің ауданда ғана олардың осыған ұқсас ондаған эпизодтарға қатысы бар екендігі анықталды. Жеңіл ақша іздеген айыпталушылар басқа аудандарда да жұмыс істей алады деп болжаймыз, сондықтан басқа азаматтар тануы үшін олардың беттерін жариялаймыз.



Егер сіз осы адамдардың құрбаны болған болсаңыз, біз сізді мына телефондарға дереу хабарласуға шақырамыз: 298-54-08; 298-54-01 және 8-778-000-86-17 », — деді, Түрксіб аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Еркін Амантаев. Алматы қаласы
![]()
