Алматыдағы дүкенге қарулы шабуыл жасалды- деп хабарлады, Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Канат Таймерденов.
Алматының Түрксіб ауданында орналасқан азық-түлік дүкеніне жасалған шабуыл туралы дабыл түнгі бірде «102» басқару пультіне келіп түсті. Қаланың жедел кезекшісі дереу жақын маңдағы патрульдік экипажды ауыр қылмыс болған жерге бағыттады.
«Полицейлерді дүкен сөресінің артында тұрған 72 жастағы әйел қарсы алды. Оның айтуынша, ғимаратқа медициналық бетперде киген төрт ер адам кіріп келіп, тапаншамен қорқытып, онымен бір рет аспанға атып, ақша сұраған. Алайда, олар дүкенде тағы бірнеше сатушылар бар екенін көріп, қорқып, қашып кетті. Бірақ олардың екеуі жасырына алмады. «Ізін суытпай» «Буран-288» патрульдік полиция экипажымен Алматы облысы Талғар ауданының 20 жастағы тұрғындары ұсталды. Тінту барысында күдіктілердің бірінен пневматикалық тапанша анықталды және тәркіленді », — деді, Түрксіб аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Еркін Амантаев.
Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Шабуылдың басқа қатысушыларының жеке бастары анықталды, оларды ұстау шаралары жүргізілуде. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 192 бабы 2 бөлімі бойынша тіркелді.
![]()
