Жедел жәрдем жол- көлік апатына түсіті- деп, Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
1шілде күні шамамен сағат 5-тен 20 минут кеткенде Қызылжар ауданы Петрфельд ауылының маңында жол-көлік оқиғасы орын алды.Бір бағытта келе жатқан «Жедел жәрдем» мен «Ауди» автокөліктері облыс орталығына қарай жерде соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жедел жәрдем көлігінің жолаушысы мен жеңіл автокөліктің екі жолаушысы жарақат алды, олардың бірі – Мамлют қаласының 58 жастағы тұрғыны. Ол ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ, арнайы көліктегі 28 жастағы жүкті жолаушы жедел түрде медициналық мекемеге жеткізіліп, бүгін таңертең перинаталдық орталыққа жіберілді.
Қызылжар аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы оқиға орнына аттанды. Сотқа дейінгі тергеу шеңберінде полицейлерге жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептерін анықтау керек. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.
Солтүстік Қазақстан облысы
![]()
