Әлеуметтік желіде жарияланған «Той жасағандарға заң жоқ екенғой ия?» атты ақпаратпен бейнежазба таралған болатын.
Сілтемеден толығырақ: https://www.youtube.com/shorts/-dBKR849AWc
Бейнежазбадағы жүгенсіз жүргізушілерді Түркістан облысы  Полиция департаментінің  полиция қызметкерлері іздестіріп, анықтады. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады, Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған жайт Мақтаарал ауданы Фердауси-Мырзакент тас жолында болған. Мақтаарал АПБ қызметкерлерімен бейнежазбада көрсетілген көлік құралдарының жүргізушілеріне қатысты 21.03.2022 жылы төмендегі әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы хаттамалар толтырылды.
Атап айтқанда, CHEVROLET MALIBU көлігінің жүргізушісі, жас жігітке ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы 2-бөлігі (Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегiтаңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау) және ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігімен (Маневр жасау қағидаларын бұзу) әкімшілік шара көрілді. Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігімен (техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары мен жағдайлар бар көлiк құралдарын басқару) хаттама толтырылды.
Одан кейін келе жатқан RENAULT ARKANA маркалы көлігінің жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы 1-бөлігі және ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылды. Қазіргі таңда, бейнежазбадағы басқа да көлік құралының жүргізушілерін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?