Тараз қаласының полиция қызметкерлері қарақшылық дерегін ізін суытпай ашты. Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

102 операторының пультіне облыс орталығының 29 жастағы тұрғыны жүгінді. Әйел, сағат 14:30 шамасында белгісіз адам оның үйіне кіріп, пышақпен қорқытып, жалпы сомасы 700.000 теңге тұратын алтын әшекейлерді ашық түрде ұрлап кеткенін хабарлады.

Сілтемеден толығырақ: https://www.youtube.com/shorts/fULii3eL-sU

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 23 жастағы жергілікті тұрғынды ізін суытпай анықтап, ұстады. Ұсталған азамат кінәсін мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігі (қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Заттай дәлелдемелер алынды. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?