32 жастағы ер адам балаларына алимент төлемегені үшін бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерднов мәлімдеді.
Үкім Алматыдағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында шықты. Алимент төлемейтін қаскөй бір жылға бас бостандығынан айырылды.
«Қылмыстық істі анықтау Басқармасы тергеді. Іс бойынша, 1990 жылы туған Ч.есімді азамат, бес жыл бойы екі кішкентай баласына алимент төлеуден жалтарып келген. Өзін қорғау үшін ер адам ресми кірісі жоқ екенін алға тартты. Сотқа дейінгі тергеумен анықталғандай, күдіктінің кірісі болған, ол жай ғана алименттерді қасақана төлемеген. Оның өз балаларына берешегі 5 миллион 144 мың 362 теңгені құраған. Сот үкімімен Ч.есімді азамат сот залында қамауға алынды», — деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Рүстем Әбдрахманов.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?