ШҰҒЫЛ! ІЗДЕУ САЛАМЫЗ! Шымкент қаласы полиция департаменті іздеу жариялады.
Шымкент қаласы, Ал-Фараби АПБ-на 10 шілде күні таңғы сағат 10:00 шамасында 2003 жылы туған қызы Назарбай Жанеркенің үйінен белгісіз бағытқа кетіп, қайта оралмағаны туралы анасы арызданған.
Аталған арыз полиция басқармасына тіркеліп, қызды іздестіру шаралары басталды.
Қазіргі таңда, Шымкент қаласы Полиция департаменті басшылығымен полиция қызметкерлерінің жеке құрамынан арнайы топ құрылып, іздеу жұмыстарына жұмылдырылды.
Жанеркенің айрықша белгілері: бойы шамамен 155 см. Үстінде сұр түсті футболка, сұр түсті шалбар, көк түсті спорттық аяқ киім болған.
Бүгінде жасөспірімді тез арада табу мақсатында барлық қажетті деген шаралар атқарылуда. Іздеу жұмыстары жалғасуда.
Егерде сіз жоғалған қыз жайлы қандай да бір мәлімет білсеңіз немесе оны көрген болсаңыз, не болмаса қайда екендігі туралы ақпараттан хабардар болсаңыз бірден «102» нөміріне немесе 8775-677-77-14 сымтетігіне хабарласыңыз.
Шымкент қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *