Таразда «қант әперемін» деп тұрғындарды алдаған алаяқ қолға түсті-деп жариялады «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі Жамбылд облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
2022 жылдың 29 шілдесінде Тараз қалалық 2-полиция бөліміне облыс орталығының бірнеше тұрғынынан бейтаныс азаматшаның арзан бағамен қант жеткізіп беремін деп сенімдеріне кіріп, алаяқтық жолмен қаржыларын иеленіп кеткені туралы арыз түсті. Келтірілген жалпы шығын көлемі 2000 000-нан асады.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген «Anti-fraud» жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 23 жастағы Тараз қаласының тұрғыны анықталды.
Күдікті кінәсін толық мойындады. Сондай-ақ, оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.
Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігімен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?