Әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлерінің самокаттарды қызметтік көлікке тиеп жатқан видеосы таралып, адамдар түсініксіз бейнежазбаға теріс пікірлер жаза бастаған. «Самокаттың айыбы не?» деген сауал көпшілікті қызықтырған көрінеді. Алайда жағдайдың біз ойлағаннан мүлде басқаша екені белгілі болды.
Шымкенттің полиция қызметкерлері қызметін атқару барысында қала көшелерінің бірінде белгіленген тұрақтан тыс жерде қалдырылған электр самокатын анықтаған. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жалға беру сервистерінің операторлары электр самокаттарының жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысына кедергі келтіретін орындарда қалдырылуына жол бермеуге міндетті. Сол себепті көшеде жатқан самокат, арнайы айыптұраққа жеткізілген.
Бұл жерде мәселе самокатта емес, оны уақытылы жинап әкетпеген компанияларда. Өз мүлкін көшеде шашып қалдырмай, жинап, қуаттап, қайта пайдалануға дайындау- солардың міндеті.
Уақытылы жинамаса, айыптұрақтан тиісті төлемін жасап алып кетеді. «Таза Қазақстан» дегеніміз де осы- көшеде қоқыс та, қараусыз жатқан зат та болмауы керек.
Сондықтан полиция «самокат ұрлап жүр» деген пікірден аулақ болған жөн. Керісінше, қала тәртібін қадағалап жүрген полиция қызметкерлеріне рақмет айту керек деп есептеймін- деп жазба қалдырды Сардар Әбдіжақия
«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі
Шымкент қаласы
![]()
