Мас күйінде көлік басқарған шетел азаматы қамауға алынды
29 қыркүйек күні сағат 02:30 шамасында Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс – Ыбырай Алтынсарин көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы орын алды.
Өзбекстан Республикасының азаматы Өзбекстан Республикасында тіркелген Daewoo Nexia автокөлігін басқарып келе жатып, басты жолмен келе жатқан JAC автокөлігімен соқтығысқан.

Тексеру барысында Daewoo Nexia автокөлігінің жүргізушісінен алкогольдік ішімдіктің иісі сезілген. Медициналық куәландыру нәтижесінде жүргізушінің алкогольдік мас күйде болғаны анықталды.
Іс-материалдары Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданып, сот қаулысымен аталған азамат 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылып, 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Көлік арнаулы тұраққа қойылды.

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *