Әлеуметтік желіде Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы Қапланбек шекара өткізу пунктінде қазақстандық шекарашылар азаматтардан 100 мың сум талап етіп жатқаны айтылған видео таралып, әлеуметтік желісінде талқыланып жатыр.

Бейнежазбамен жарияланған бейресми ақпаратта құжаттары дұрыс, шекарадан заңды түрде өтіп жатқан азаматтардан да ақша сұралатыны жазылған.
Бұл әзірге әлеуметтік желіде тараған ақпарат. Алайда мұндай мәлімдеме міндетті түрде тексерілуі тиіс деп есептеймін.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аталған видеоға назар аударып, азаматтардан ақша талап ету фактісі болған-болмағанын анықтауларыңызды және ресми мәлімет берулеріңізді сұраймын.
Егер ақпарат расталса, кінәлілердің әрекетіне заң аясында баға берілуі тиіс.
Шекара бекеті ақша сұрайтын жер емес. Бұл мемлекетіміздің қақпасы. Сондықтан видеода айтылған жағдайдың ақ-қарасы анықталуы керек.

Сардар Әбдіжақия

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *