Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен еліміздің 10 өңірінде бір мезгілде арнайы операция жүргізді.
Операция ұйымдасқан қылмыстық топтарға, шекара маңындағы және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі заңсыз схемаларға қарсы бағытталған.
ҰҚК мәліметінше, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен 29 адам ұсталып, жеткізілген. Оның 9-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Арнайы операция кезінде заңсыз айналымнан 25 бірлік қару, 2 граната және 236 бірлік оқ-дәрі тәркіленді.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.
![]()
