106 миллион теңгені иемденген күдікті Ресейден экстрадицияланды
Аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы Ресей Федерациясынан елге экстрадицияланды.
Бас прокуратураның мәліметінше, күдікті 2021–2022 жылдары шетелден автокөлік сатып алып, жеткізіп беремін деген сылтаумен үш адамды алдаған. Жәбірленушілердің жалпы шығыны 106 миллион теңгеден асқан.

Тергеу дерегіне сәйкес, күдікті қылмыстан кейін құқық қорғау органдарынан бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған. Биыл наурыз айында ол Ресей аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге жеткізілді.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалған.
Оған тағылған айып дәлелденген жағдайда, мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *