Атырау тұрғыны синтетиканы тығып жатқан жерінен ұсталды. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Алматы қаласының полицейлері қаладағы 10-шағын ауданда 21 жастағы Атырау облысының тұрғынын ұстады.
«Жас жігіт, жеңіл жолмен ақша табу мақсатында, психотроптық заттарды жанасусыз сатумен айналысқан, яғни психотроптық заттарды ауданымыздың аумағына «бетбелгілер» арқылы таратқан. Жеке тінту кезінде ұсталған азаматтан көк түсті изолентаға оралған 5 байлам тәркіленді. Бір буманы ашқан кезде ішінде ерекше иісі бар, ақ түсті ұнтақ бар екендігі анықталды. Қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 1,3 тармағы бойынша тіркелді. Бірқатар сараптамалар тағайындалды, қорытындысына сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады», — деді, Әуезов аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Елнұр Құдретбаев.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?