Алматының полиция қызметкерлері жаңа туған нәрестені құтқарып қалды-деп мәлімдеді Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Арыстангани Заппаров.
Кеше түнде қаланың Түрксіб ауданында жаңа туған нәрестені құтқаруға арналған арнайы іс-шара өтті.

«Бізге түнгі сағат екіде кәмелетке толмаған қыздың өздігінен түсік тастағандығы туралы қоңырау келіп түсті. Ол қаладағы ауруханалардың біріне жатқызылды. Дәрігерлермен сөйлескеннен кейін мен оқиға орнына барып, тексеруді жөн көрдім. Басыма «бала қайда» деген сұрақ келді. Қыздың анасынан оқиға орын алғанға дейін оның сырттағы дәретханада біраз уақыт болғанын білдім. Дәретхана ішінен қан іздерін таптым. Ішіне жарық түсіргеннен кейін баланы көрдім. Ол дем алып жатты. Осы кезде тергеу-жедел тобы келді, оның құрамында криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция лейтенанты Ғазиз Хамасқалиев болды. Біз дәретхананың еденінен тақталарды тез алып тастадық. Әріптесім – Ғазиз төмен түсіп, баланы қызметтік көйлегіне орап, абайлап шығарып алды. Сол кезде нәресте жылады. Бәріміз мазасыз күйде едік, уайымдадық. Баланы тез арада дәрігерлерге тапсырдық», — деді, Түрксіб аудандық ПБ-ның кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы, полиция капитаны Нұржан Шатунов.
17 жастағы қыздың анасының айтуынша, ол қызының жүкті болғанын білмеген. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша Түрксіб аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінде тергеу амалдарын басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
«Қазір баланың жағдайын біліп қайттық. Ол дәрігерлердің бақылауында жансақтау бөлімінде жатыр. Өз бетінше дем алып жатыр — бұл жаңалыққа баланы құтқаруға қатысқан барлық әріптестерім қатты қуанды. Демек, өмір сүреді. Ол туылғаннан бері өз өмірі үшін күресті. Оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Бақытты болып өсе берсін. Мен — үш ұлдың әкесімін. Сондықтан бұл оқиға мені бей-жай қалдырмады. Біз өз әріптестерімізбен бірге құтқарылған нәрестенің тағдырын міндетті түрде қадағалаймыз және мүмкіндігінше оған қатысатын боламыз», — деді, капитан Шатунов.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?