Таразда қызы өз әкесінен 600 000 теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткен. Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Полицияға 60 жастағы ер адам арызданған. Ол бір апта ішінде қызы ұялы телефондағы банктің мобильдi қосымшаcының көмегімен, жеке есеп шотынан өзіне 600 000 теңгеден астам ақша аударғанын хабарлады.

Шу ауданының полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 34 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нiң 188-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?