Жамбыл облысы прокуратурасымен ұйымдастырылған, бөтен мүлік ұрлығының алдын алуға, жол бермеуге және ашуға бағытталған «Барымташы»рейдттік іс-шара аясында өткен жылы 2​ 108 мал бастарының заңсыз тасымалдау 205 дерегі анықталған.

Нәтижесінде 245 кінәлі тұлғаға 7​ 659​ 925 теңге көлемінде​ әкімшілік айыппұл салынған.

Бұл рейдттік шаралар полиция департаменті және шекара қызметімен бірлесе отырып жүргізілген.

Ағымдағы жыл басынан бастап мал ұрлығы 34,8% (46-дан 30-ға дейін) төмендеген.

Қабылданған іс-шараларға қарамастан, азаматтармен өз мүліктерінің және малдарының қорғау деңгейі әлдеде төмен.

Осыған орай, Жамбыл облысының прокуратурасы азаматтарды малдарды қараусыз қалдырмай қырағы болуға шақырады.

Сонымен қатар, қараусыз қалдырылған малдар жол-көлік оқиғаларының бірден-бір себепкері болатынын ескертеміз.
Сардар Әбдіжақия 
Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?