Елордада сыра кафесіне келушілерге гашиш сатқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Дармек” жедел алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері арнайы операция жүргізіліп, оның нәтижесінде елорда аумағында аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізудің арнасы жойылды.

Нұр-Сұлтанда кафелердің бірінде бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған 44 жастағы әкімші ұсталды. Ол сыраны сатумен айналысқан болып, өз мекемесінде есірткілік шөпті сатқан.

Кафені тінту кезінде қораптан гашиш салынған пакет анықталды. Пакетте сатуға дайындалған гашиш салынған 30 полиэтиленді орама табылды.

ЕҚҚІБ бастығының міндетін атқарушы Еркеш Қалықовтың айтуынша, арнайы операция жүргізу кезінде тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 1 келі 600 грамнан астам гашишті құрады.

Ұсталған азамат кінәсін мойындады. ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі “Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау не өткізу” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдікті ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Елорда аумағында есірткі жеткізуге және өткізуге қатысы бар тұлғалар анықталуда.

Нұр-Сұлтан қаласы

 

 

от admin

Один комментарий к “Елордада сыра кафесіне келушілерге гашиш сатқан.”
  1. За предоставленную информацию благодарим. Игроков pin-up bet casino привлекает достаточно быстрый вывод выигранных средств, щедрые бонусы, наличие множества популярных игр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?