12.09.2022 жылы Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Әйелдің айтуынша, оның кәмелет жасына толмаған ұлына көрші ауылдың тұрғыны зорлық-зомбылық көрсеткен. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаменті мәлімдеді
Оқиға орнына Сарыағаш АПБ-нің басшылығы, жедел-тергеу тобы, сондай-ақ прокуратура өкілдері шықты. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 121-бабы «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша тіркелді.
Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде полицейлер, күдіктінің жеке басын анықтап, аталмыш жас жігітті ұстады. Ол Сарыағаш АПБ УҰИ-ға қамауға алынды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.
Аталған қылмыстық іс бойынша тергеу Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында.
Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?