Тараздық полицейлер жүкті әйелді ауруханаға жеткізуге көмектесті-деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Әкімшілік аумақты патрульдеу барысында полиция батальонының қызметкерлеріне тұрғындар көмек сұрап келген. Олар шалғай мөлтек ауданнан келе жатқанын, автокөлікте жүкті әйелдің толғағы басталғанын және оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізу керектігін айтқан.

Оқиғаның мән-жайын естіген патрульдік полиция батальонының инспекторлары полиция аға лейтенанты Фархат Қалымбетов пен полиция аға лейтенанты Жұмабай Оспантаев автокөліктің кедергісіз жедел түрде ауруханға жетуін қамтамасыз еткен. Әйел тез арада аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілген.

Жас ана мен оның туыстары ойланбастан жедел көмек көрсеткені үшін полиция қызметкерлеріне өз алғыстарын білдірді.

Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?