Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің бастығы Арманбек Баймурзинге
Бұған дейінгі ДВД бастығы қаңтар оқиғасынан кейін өз-өзіне қол салып жұмбақ жағдайда қайтыс болған. Біреулер — «халыққа оқ атыңдар» деген приказды орындамады дейді, біреулер басқаша айтады. Сан түрлі жорамал бар. Әзірге бұл құпияның ашылмайтыны белгілі!
Көп ұзамай жаңа басшы Арманбек Баймурзин тағайындалды. Инсайдерлік мәліметтерге сенсек Арманбек Баймурзин Нұрлан Нығматуллиннің адамы дейді. Осыдан біраз бұрын Нығматулиннің ұлы Казфосфатқа бастық болып келген. Өзі бұзықтау, жас баланы жебірейіл періштедей қорғап, бәле-жаладан сақтауға жіберілген сұңғыла генерал деген кеуесет бар. Әрине бұл қоғамда күбірлеп айтылатын алып-қашпа әңгіме болуы да мүмкін. Бірақ Нығматулинмен Баймурзинннің географиясы мен беографиясы сай келіп тұр. Бұл ақпараттың қаншалықты растығын Баймурзин мырза өзі айтар. Әлеуметтік желіде ашық отыратын генерал сұхбаттан қашпайтын шығар.
Екінші сауалымыз полиция қызметкері той үстінде аспанға оқ атқан деген мәлімет бар. Төмендегі бірінші видеода кәдімгі АК Калашпен есерсоқтар аспанға тарсылдатып жатыр. Маңында бала-шаға жүр. Әрине полицейлердің әр оғы санаулы. Бұлай ата алмайды. Ал Қаңтар оқиғасында ДВД ғимараты өртеніп, қару-жарақтар түгел ұрланып кеткен. Демек қарулардың барлығын бұзақылар әкетпеген, полиция қызметкерлері де қолды қылған. Бұл сол автоматтар болуы мүмкін! Оның үстіне төмендегі екінші видеодағы азамат президентке үндеу жолдап, өз өміріне қауіптеніп араша сұрап отыр. Үйткені бұл видео сол азаматта ғана болған. Қазір бәрімізде бар.

Господин генерал! Мәселені сіз беске білесіз. Бірақ осы күнге дейін ешбір шара қолданбадыңыздар. Шынында да полиция қызметкері тойда оқ атты ма, олар жазаға тартылды ма, немесе басқа адамдар ма, автомат кімге тиесілі???
Сұрақтардың барлығы жауапсыз салбырап тұр!
Үшінші видеода сіздің қол астыңыздағы подполковниктің хоромы! Сұлтан Сүлейменнің сарайындай үйді ішкі істер қызметкері қандай қаражатқа салды? Осындай үй салатындай айлықты доллармен аласыздар ма?
Жаңа Әділетті Қазақстанның лауазымды тұлғасы ретінде осы үш сауалға ашық, нақты, шынайы жауап бересіз деп ойлаймын. Сіздің жауабыңызды алғаннан кейін барып, біз қолымыздағы деректерді жариялай бастаймыз!
Жамбыл облысы
Құрметпен, тәуелсіз журналист Жасұлан Әбдіхалық!

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?