Өнер-ойыншық емес, өнер-

құбылыс, ерек әлем мен өзгеше өлшем. Қазіргі таңда әлемді таңырқатып отырған өнер адамдары мен өнер туындылары өте көп. Өнердің де өзгеше түрлері болады. Мысалы, Қарағандыда бірегей туындылар шығармашылығымен айналысатын Владимир Герценнің көрмесі жайлы айтудан бастайын. Оның ерекше туындылары кеншілер қаласының тұрғындарына ұсынылған екен. Оның суреттері темір терсек, бұранда және сымдармен бейнеленген. Владимир Герценнің шығармаларын сурет өнері әлемінің майталмандары әлемдік деңгейдегі туындыларға теңеп отыр. Кезінде Германия, Ресей сынды мемлекеттердің танымал суретшілері оның жұмысына жоғары баға беріп, өз елдерінде көрме ұйымдастыруға ұсыныс тастаған екен. Соңғы жылдары өзінің шығармашылығында минералды тастарды да кәдеге жарата бастапты. Үйдегі құрылыстан қалған темір терсектердің қалдықтарымен керемет өнер туындысын ұсынып отырғаны өзгеше өнер өскіні деп білемін.

Сонымен қоса осындай сурет өнерінің тағы да бір ерекше құбылысы мынада:жалпы кез келген суретті қолмен салатынды бәрімізде білеміз. Ал көзбен сурет салған адамды көргенсіз бе? Әрине, көрмегенбіз. Бірақ көзбен сурет салатын да адамдар бар екен. Аргентиналық Леандро Гранато өзінің суреттерін көзімен салады.

Ол мұрнына бояуды тыныс ала тартып, оны көзінен шығару арқылы туындысын дүниеге әкеледі. Бір суретті салуды 10 минут пен 1 айға дейін созылады екен. Ал оның осындай ерекше суреттерінің құны 2,5 мың АҚШ долларын құрайды. Леандро Гранато өзінің бойындағы бұл ерекшелікті бала кезінен ақ байқаған көрінеді. Енді ол «көзбен сурет салу» деп аталған жаңа өнері арқылы әлемге танылсам деп отыр. Келешекте елден жеке кәсіп ашу керек деген ерекше ойы бар екен. Ол екі жылдай уақытын өзінің ерекше туындыларына, және көзіне зиян келмейтін бояуларын дайындауға жұмсапты. Аргентиналық суретшілердің ойынша әлемде мұндай өнерді меңгерген өзінен басқа адам жоқ. Алдағы уақытта өзінің туындыларын әлемнің түпкір түкпіріне саудалап түскен қаржыны Аргентинада туып өскен өлкесіндегі балалар онкологиялық емханасына аудармақшы екен. Міне, өнердің ерекше өскіні деп осыларды айтамыз!

Құралай ПАЛМЫРЗАҚЫЗЫ

2 курс, Тұран университеті

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?