«Жалға алу бағасының көтерілуіне байланысты пәтерден шығару» туралы ТikTоk-ғы «әзілі» үшін қызылордалық әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы полиция кз мәлімдеді.

Қызылорда қаласының 26 жастағы тұрғыны отбасымен табиғатқа шығып, «500 мың төлемесеңдер квартираны босатыңдар деп каналда түнеп жатырмыз» деген TikTok-та видео жариялады. Бейнежазба бойынша полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде постағы мәлімет шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат бергені анықталды. Ол өзінің жеке үйінде отбасымен бірге тұратын болып шықты.

Бір сәтте мыңдаған адамдардың назарын аударған жас әйел бұл қарапайым әзіл екенін айтады. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы «арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақыру» әкімшілік хаттама толтырылып, әкімшілік айыппұл салынды. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Қызылорда облысы.

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?