Қазіргі таңда жол көлік оқиғалары бойынша жаяу жүргіншілер өмірлерімен қош айтысып жатқан жағдайлар жиілеп келкенін ғаламтор арқылы да, шынайы өмірде, көшелерде де көріп жатырмыз. Жол көлік оқиғалар салдары, көлік ішіндегі адамдардан бөлек жаяу жүрген бейкүнә адамдарда  ажал құшып жатыр, неге?

Оның себептерінің бірі, автокөлікті масаң күйде  басқару, көлік басқару кезінде қолындағы ұялы телефонына үңіліп кетуі секілді бірқаншама негіздер бар. Алматы қаласындағы қоғамдық көліктердің соқтығысуы салдарынан 1 адам қаза тауып, әртүрлі дене жарақатымен 19 адам ауруханаға жеткізілген.

Ал Шымкентте  жаяу жүргінші жолағынан өтіп бара жатқан анасы мен қызын көлік қағып кетіп, 43 жастағы анасы мен 16 жастағы қызы оқиға орнында мерт болған. 

Мысалы кеше ғана Атырау облысында Жасталап ауылының жанындағы жолда Toyota автокөлігінің кәмелетке толмаған жүргізушісі небәрі 14 жаста болғандықтан басқаруға ие болмай, аударылып қалды. Салдарынан бала қайтыс болды, ал оның 4 жасөспірім жолаушысы ауруханаға түсті.

12 қарашада  Ақтөбе облысында қайғылы жол апаты болып салдарынан   32 жастағы ВАЗ-2110 автокөлігінің жүргізушісі Шұбарқұдық — Ойыл автожолында жүріп келе жатып, автокөлік рулін басқара алмай, аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 51 жастағы жолаушы әйел алған жарақаттарынан қайтыс болды, екінші жолаушы — 29 жастағы әйел Темір ауданының орталық ауруханасына жатқызылды.

Айтаберсек мұндау суыт хабарлармен адам шошитын жағдайлар көп.  Олардың себеп салдары мен күресіп алдын алып жатқан погондылардың бірі Шымкент қаласы патрульдік полиция полкінің командирі подполковник  Данияр Мейрхан, өзінің 1 айдағы атқарған жұмысын есебін елге естірді.

Бір ай мерзім ішінде патрульдік полиция полкінің қызметкерлері тарапынан автокөлікті мас халде басқарған 179 жүргізуші анықталған. Көлікті басқару кезінде ұялы телефонды қолданғаны үшін 1318, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін 3136 жүргізушіге айыппұл салынды. Алдыңғы айналарын күңгірттегені бойынша 859 автокөлік анықталды, ал 1364 автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды. Жалпы бір ай ішінде 34404 әкімшілік хаттамалары толтырылды- деп хабарлады Шымкент қаласы патрульдік полиция полкінің командирі подполковник  Данияр Мейрхан. 

Жол көлік оқиғалары салдары, адамдардың өміріне зиян келтірмеу керек.

Сардар Әбдіжақия

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?